Ақтөбеде алаяқ тұрғынның 1,1 млн теңгесін алдап алып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері 38 жастағы күдіктіні ұстады

 

Ақтөбелік тұрғын алаяққа алданып, 1,1 млн теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 наурызда Ақтөбе қалалық №2 полиция бөліміне 33 жастағы әйел алаяқтық дерегі бойынша арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, танысы арзан бағамен пәтер сатып алуға жәрдемдесу сылтауымен 1 млн 130 мың теңге сомасындағы ақшасын жымқырған.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 38 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.