Елордада оқушы қыз белгісіз себеппен көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жедел жәрдем келгенге дейін жан тапсырған

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда 2011 жылы туған қыз көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қайғылы жағдай туралы 14 қаңтар күні ақпарат алып, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Полицейлер бір күн бұрын қыз өзін жайсыз сезінгенін анықтады. Ата-анасы дәрігерге қаратып, ем жаздырып алған. Келесі күні баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Оқушы жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі таңда қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.