Оның нешінші қабаттан құлағаны белгісіз
Павлодарда 16 қабатты үйден құлаған қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі pavlodartoday.com-ға сілтеме жасап.
Қыздың өзімен бірге құжаттары болмаған. Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, қыздың жасы шамамен 18-де.
«Оқиға орнына жедел жәрдемді полицейлер шақырған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қыздың нешінші қабаттан құлағаны белгісіз», деп жазады басылым.