Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр
Ақтөбеде алты бірдей көлік зақымданған жол апаты болды. Оқиға түн мезгілінде қаланың қақ ортасындағы Әлия Молдағұлова мен Әбілқайыр хан даңғылдарының қиылысында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің хабарлауынша, жол талғамайтын темір тұлпардың 49 жастағы жүргізушісі жеңіл автокөлікті соққан. Нәтижесінде жолдың бір бағытында қаз-қатар тұрған алты машина зақымданған. Төрт адам жеңіл жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен өткен соң барлығы үйлеріне жіберілген. Ал жол талғамайтын темір тұлпар жүргізушісі осыдан екі жыл бұрын көлік басқару құқығынан айырылыпты. Оған ішімдік ішіп, рөлде отырғаны себеп болған көрінеді.
Қазір оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.