Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым қашықта орналасқан
Бүгін, яғни 17 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша сағат 22.05-те Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан 368 шақырым қашықтағы Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің Алматыдағы қуаты МSК-64 бағаны бойынша 2 балл болды. Энергетикалық санаты - 12,7. MPV магнитудасы – 5,7. Тереңдігі – 10 шақырым.