Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіледі

Фото: ашық дереккөзден

Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Шағын айналым көшесіндегі жанармай құю станциясына қарама-қарсы аумақта болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 наурыз күні сағат 18.50-де «Санг Йонг» автокөлігінің 50 жастағы жүргізушісі 1971 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

"Ол жолдың жүру бөлігін белгіленбеген жерден кесіп өтті. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деді баспасөз қызметінде.

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.