Павлодарлық тұрғын сотта өзіне айыппұл салуды сұрады

Автор: Azattyq Rýhy

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ

 

Ертіс аудандық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 ақпан күні сағат 01.00 шамасында ер адам Ертіс аудандық ауруханасында  аурухана дәрігеріне лауазымдық міндеттерін орындау кезінде балағат сөздер айтқан.

«Сотта  ауыл тұрғыны өз  кінәсін толық мойындап, айыппұл тағайындауды сұрады. Өйткені ол жұмыс істейтінін және  айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бар екенін айтты», - делінген хабарламада.

Жәбірленуші жаза ретінде соттың шешіміне сүйенді.

Сот қаулысы бойынша  медициналық қызметкерге құрметсіздік танытқан ер адамға ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 91 890 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.