Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Екібастұзда екі баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 наурыз күні сағат 07.45-те Мәшһүр Жүсіп - Торайғыров көшелерінің қиылысында «Hyundai Accent» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 2007 және 2017 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

"Олар реттелетін жаяу жүргіншілер өткелінен өткен. Жол- көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған балалар ауруханаға жеткізілді", - дейді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде.