Мәскеуде қазақстандық файтерге оқ атқан күзетші ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

38 жастағы күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа қамауға алынды

Мәскеуде ММА файтері Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клубтың күзетшісі ұсталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин мәлімдеді.

16 ақпанда Бағдат Дүйсембаев көлік тұрағында күзетшілермен жанжал кезінде оқ тиіп жараланған болатын. 

Спортшының айтынша, спортзалға абонемент сатып алуға барған. Фитнес-клуб қызметкеріне файтердің көлікті дұрыс қоймағаны ұнамаған. Содан кейін күзетші спортшыға бірнеше рет оқ атқан. Дәрігерлер жәбірленушінің кеуде, иық және беліне оқ тиіп жараланғанын анықтады.

38 жастағы күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа қамауға алынды. Жақын арада сот оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдайды.