Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр
Шымкентте алаяқ өзінің танысын 7 миллион теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, алаяқ жәбірленушіге «Тойота Камри» көлігін сатып алуға уәде берген, бірақ сөзінде тұрмаған. Қаскөй ақшатанысыны ақшасын сол күйі қайтармаған.
Жәбірленуші Еңбекші ауданының полиция бөліміне жүгінген. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
«Жедел іс-шаралар барысында аталған азамат полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық қажетті жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілуде, оның аясында ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - деп хабарлады Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.