Өткен жылдың көктемінде азаматқа тиесілі көліктің құдыққа түсіп кеткен
Қала тұрғыны сот арқылы әкімдіктен сапасыз салынған жол үшін жарты миллион теңге өндірген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Іске негіз болған оқиға өткен жылдың көктемінде азаматқа тиесілі көліктің құдыққа түсіп кетуінен басталды. Зақымдалған темір тұлпарын өзі жөндетіпті. Алайда ер адам көлігі бұзылып тұрған уақытта табыссыз қалғаны үшін және жөндеуге кеткен шығынды өндіру мақсатында сотқа жүгінген. Барлық тиісті құжаттарды тапсырыпты. Ал әкімдік оқиға орын алған көшенің тиісті бөлім балансында жоқ екенін айтып, кінәні мойындаудан бас тартқан. Алайда сот мұндай уәжді қабылдамады. Нәтижесінде шенеуніктерге зардап шеккен ер адамға 512 мың теңге төлеуді міндеттеді.