Өрттің алдын ала шығу себебі – электр қондырғыларын орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау
ШҚО-да супермаркетте болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығында Красин көшесінде орналасқан супермаркетте өрт болды. Оқиға орнына құтқарушылар келгенде жеке тұрған 2 қабатты спуермаркет ғимаратының бірінші қабатындағы сөрелері, тоңазтқыш қондырғылары, тауарлар өртенген. Құтқарушылармен жедел түрде 10 шаршы метр алаңдағы тілсіз жау құрықталды.
Өрттің алдын ала шығу себебі – электр қондырғыларын орнатуда және оны пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 26 адам және 7 бірліктегі техника жұмылдырылды.