Оған отбасылық жанжал себеп болған
Шымкентте 18 жастағы қыз бесінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бойжеткен дүкен ғимаратының күнқағарына құлаған. Оған құтқарушылардың көмектесті.
«Құрамында 6 құтқарушы бар жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшесі оқиға орнына келіп, альпинистік жарақтың көмегімен 2004 жылы туған зардап шеккен азаматшаны төмен түсіріп, жедел медициналық қызмет қызметкерлеріне тапсырды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД таратқан хабарламада.
Оқиғаның мән-жайын Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп, анықтайды.