33 жастағы жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен
Павлодарда жол апатынан жаяу жүргінші қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы Космонавтар көшесі, 1 мекенжайында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 ақпан күні сағат 07:20-да «Daihatsu Terios» автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі 1948 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
"Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
33 жастағы жүргізуші жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.
Полиция «Ұстау» жоспарын енгізіп, жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы болған орыннан қашып кеткен жүргізушіні ұстады.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.