Семейде бойжеткен тоғызыншы қабаттан секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: ашық дереккөзден

Семейде бойжеткен тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 16 ақпанда 1-ықшам ауданы 7А үйі мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан бойжеткен секіріп кеткен.

Аталған факті бойынша Затон ПБ ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.