Қазір ЛА-155/18 тергеу изоляторында 250 адам қамауда отыр
Бүгін Алматыда «Қаңтар оқиғасында» күдікті ретінде қамауға алынғандар жақындарымен жүздесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бірқатары туыстарымен немесе қорғаушыларымен екінші рет кездессе, кейбіреулері алғаш рет жүздесіп отыр. Аптасына екі рет көрісуге рұқсат етілген. Оған 2 сағат уақыт беріледі. Қазір ЛА-155/18 тергеу изоляторында Қаңтар оқиғасына қатысқан 250 адам қамауда отыр. Алғашында бұл мекемеге 500-ге жуық кісі жеткізілген екен. Жартысы ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Ал кәмелетке толмаған 4 баланың екеуі шығарылған.
«Ұрлық бойынша ұсталдым, тұрмыстық техникалар. Алтысы күні болған, содан 17-сі күні ұсталдым, осы жерге жиырмасы күні келдім», - дейді күдікті.
«Алматы қалалық прокуратурасымен бірлесе отырып Қаңтар оқиғасында қамауға алынғандарды жақындарымен жүздестіру іске асырылды. Сонымен қатар жалған ақпараттарға жол бермеу үшін Адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл, прокуратура, мәжіліс депутаттары тексеріс жүргізіп отырады», - деді ЛА-155/18 мекемесінің басшысы Әсет Жұмадиев.