Оқиға кеше сағат 16:30 шамасында болған
15 ақпан күні Шымкентте Қайнар бұлақ саяжайында Қайыңды көшесіндегі үйден өрт шықты. Тілсіз жау тұрғын үйдің 56 шаршы метрін шарпыды, деп хабарлады Otyrar.kz.
50 литрлік газ баллонының шлангінің ақауы салдарынан жарылған. Өрт сөндірушілер газ баллонды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт салдарынан 2016 жылы туған қыздың аяғын, бетін және арқасын күйік шалған. Ол Шымкент қаласындағы ауруханаға жатқызылды және оның 29 жастағы анасы бетінің 2 пайызын күйік шалған, бірақ анасы ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрт 16:54-те оқшауланып, 16:59-да сөндірілді. Өртті сөндіруге 17 қызметкер мен 3 бөлімше жұмылдырылды.