Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелді
Атырау тұрғыны Жайық жағасынан қару-жарақ тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
12 ақпан күні сағат 12:52 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” арнасына Жайық жағалауында ақ түсті қапшыққа оралған қаруға ұқсас зат пен оқ-дәрілер жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
«Жедел-тергеу тобы тексеру кезінде Жайық жағалауынан қос ауызды тегіс ұңғылы қару мен оқ-дәрілерді анықтады», - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабымен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс-тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.