ШҚО-да есірткі қабылдап, көлік жүргізген адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда көлік арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші қамауға алынды

Өскеменде есірткіге масаң күйдегі 32 жасар жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, осы жылдың 25 қаңтарында «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ барысында Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Өскемен қаласының Қазақстан көшесінде ВАЗ автокөлігін тоқтатты. Жүргізуші облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны.

“Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкері жүргізуші психотроптық заттардың әсерінде деп күдіктенген. Тағайындалған наркологиялық сараптама қорытындысы облыс орталығының тұрғыны каннабиноидтар тобының есірткі заттарын қолданудан туындаған есірткіге мас күйінде болғанын көрсетті.

Тексеру барысында жүргізуші 2020 жылдың қаңтар айының ортасында Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 2023 жылға дейінгі мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

Бүгінгі таңда көлік арнайы тұраққа қойылды, ер адам қамауға алынды”, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар ведомствода аталған факті бойынша ҚР ҚК – нің 346-бабының 1-бөлігі – «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беруі, сол сияқты санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны айтылды.