Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр
Оқиға бүгін, 10 ақпанда 17 шағын аудандағы 1-үйдің жанында болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Желіде Ақтауда 17 шағын ауданда болған видео жарияланды.
Видеодан көлік жүргізушісі тротуарда ересек адаммен кетіп бара жатқан баланы қағып кеткенін көруге болады.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп, апаттың мән-жайын анықтап жатыр. Бала тірі қалды, ауруханаға жеткізілді.