Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев жас жігіттің өлімі қылмыстық іс ретінде тіркелгенін мәлім етті.
«Өлім қылмыстық іс болып тіркелді. Тергеу туралы ешқандай мәлімет заңды шешім шыққанша берілмейді. Іс қозғалды, тергеліп жатыр, тергеу амалдары біткен соң шешімін айтамыз. Сараптамалар тағайындалады, көреміз», - деді ол Азаттық рухы тілшісінің сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, Алматыда «ЛА-155/18» тергеу изоляторында Еркебұлан Нұрмыханов деген азамат жұмбақ жағдайда көз жұмған. Бұл туралы Рател агенттігі жазды. Дереккөздің хабарлауынша, екі ай изоляторда отырған жігіт 14 қаңтарда бостандыққа шығуы керек еді. Ол дәл сол күні қаза тапқан.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан