Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады
Семейлік тұрғын өзінің танысының атына заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семей қ. ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтарында Орталық ПБ 22 жастағы жергілікті тұрғын жүгініп, өткен жылдың қараша айының соңында оның танысы қаладағы ЖШС-лардың бірінде оның атына жалпы сомасы 400 мың теңгені құрайтын онлайн-несие рәсімдегеніне арыз білдірген.
“Жедел іздестіру шаралары барысында полиция қызметкрелерімен 26 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Сұрау алу барысында кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.