Қайғылы оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз
Шу ауданына қарасты Бел станциясында рельсті қардан тазалап жүрген екі жұмысшыны жолаушылар пойызы қағып кетті деп жазады Almaty.tv.
Қайғылы оқиға 13 қаңтар күні кешкі уақытта болған. Марқұм болған жұмысшылардың бірі 1987 жылғы, екіншісі 1976 жылғы ер азаматтар.
Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.