Ол оқиға орнында көз жұмды
Шортанды станциясында теміржолды кесіп өтпек болған ер адамды жүк пойызы басып кетті. Ол алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шортанды станциясында жүк пойызы теміржол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды басып кетті. Алған жарақат салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды. Қазір осы факті бойынша ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі, яғни, қозғалыс қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережесін бұзу салдарынан абайсызда кісі өліміне әкеп соқтыру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен жылы теміржол төсемін белгіленбеген орындардан кесіп өткен 25 293 азамат анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.