Ол баласы бар үйлерді әдейі таңдаған
Нұр-Сұлтанда балаларды алдап, пәтер тонаумен айналысқан Павлодар облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің хабарлауынша, бұрын сотты болған әйел 8 қаңтар күні қамауға алынған.
50 жастағы әйел баласы бар пәтерлерді арнайы іздеген. Үйде жалғыз отырған балға әйел ата-анасының танысы екенін айтып, құнды заттарды ұрлаған.
«Әйел осыған ұқсас ұрлықпен бірнеше рет ұсталған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша соталды тергеу жүріп жатыр», - делінген хабарламада.