Баланың денесінің бірнеше аймағын термиялық күйік шалған
Бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, баланың денесінің бірнеше аймағын термиялық күйік шалған.
«Бала ауруханаға жатқызылды, қазір ол карантин палатасында. 1 қаңтарда дәрігерлер 13 жастағы жасөспірімді тексерді. Баланың көзін жеңіл дәрежеде химиялық күйік шалды», - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін дәрігерлер жаңа жылда зардап шеккен екі ересек адам туралы хабарлаған болатын.