Қарағандыда караоке-клубта атыс болып, бір адам жараланды

Автор: Azattyq Rýhy

Ақпаратты Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті растады

 
Видеодан кадр

3 қаңтарда Қарағандыдағы караоке-клубтардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, соның салдарынан 23 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақпаратты Қарағанды ​​облысының Полиция департаменті растады.

«3 қаңтарда таңғы сағат 02.00 шамасында «Жаным сол» караоке-клубының келушілері мен күзетшілері арасында болған жанжал салдарынан 23 жастағы қала тұрғыны «оқ жарақаты» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ПД хабарламасында.

Қақтығысқа қатысушылардың жеке тұлғалары анықталды. Олардан қару тәркіленіп алынды. Бүгінгі таңда қылмысқа қатысы бар өзге де тұлғаларды жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.