Бір айдан кейін той болады: Павлодарда тал түсте қыз ұрлаған күдікті ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

21 желтоқсанда полицияға адам ұрлау туралы хабарлама  түскен, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл туралы полицейлерге  ұрланған қыздың құрбысы хабарлаған. Шағым беруші бірнеше сағат бұрын түскі ас ішу үшін достарымен бірге дәмханада кездескенін айтқан. Біраз уақыттан кейін жігіттердің бірі арыз берушінің құрбысынан онымен сөйлесу үшін дәмханадан шығуды өтінген. 

«Жігіт құрбымды оңаша сырласуға шақырған. Құрбым келісті», - деп түсіндірді қыз.

Сондай-ақ ол жастар қаланы аралап, бір сағаттан кейін келуге уәде бергенін атап өтті.

Алайда кейінірек қыздардың бірінің күйеуі келіп, ол жігіттің ежелгі қазақ әдет-ғұрыптары бойынша құрбысын ұрлап кеткенін хабарлаған. Бұған қоса, шамамен бір айдан кейін үйлену тойы болатынын  айтқан.

Арыз беруші бұл фактіні білген соң полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған.

«Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 125-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ұсталды», - деді Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.