Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді
Алматы облысында 43 жастағы шетелдік азамат құлдықтан құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың мәліметінше, 23 желтоқсан күні ер адам жанар-жағармай бекетіне хат жазып қалдырып кеткен соң, оны оқыған бекет қызметкерлері полицияға қоңырау шалған.
Ақпара түсе салысымен, мобильді кезекші жасақтар арқылы «Ұстау» операциясы іске асқан.
«Алматы-Бішкек» автожолының 76 шақырымындағы Самсы ауылының маңында аға инспектор А.Төлеқазов және аға полиция лейтенанты А.Жанабеков мінген «Борт-25» экипажы тізгініне 35 жастағы жүргізуші болған Honda Elysion көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде көлік салонында тағы төрт ер адам болған, олардың арасында жанар-жағармай құю бекетіне өзіне құтқаруды сұрап, хат қалдырған көрші республиканың 43 жастағы азаматы да болды», - деді Алматы облысының ПД бастығы Серік Күдебаев
Ұсталғандар полиция бөліміне жеткізілді, ал жәбірленуші өзін ұрлау фактісі бойынша арыз жазды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.