Орал-Атырау тас жолындағы апаттан екі адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шеккен бірнеше адам ауруханаға жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Орал-Атырау тас жолында Hyundai Sonata және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті, құрбан болғандар да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізілді.

«Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы, "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп мәлімдеді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі

Медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері қаза тапқандардың денелерін көліктен алып шығуға мәжбүр болды.

«Апат салдарынан ВАЗ көлігінің 28 жастағы жүргізуші мен 24 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Hyundai Sonata-ның 31 жастағы жүргізушісі мен ондағы жолаушылар: төрт және алты жастағы екі баласы бар 31 жастағы әйел Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілді», - деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі