Павлодарда жол үстінде отырған ер адамды көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

58 жастағы азамат сол жерде қайтыс болды

Фото ашық дереккөзден

Павлодарда жол үстінде отырған ер адамды көлік қағып, азамат оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жол апаты Жібек жолы көшесіндегі қалалық қоқыс үйіндісінің маңында орын алған.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Shacman автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі 58 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

«Ер адам жолда отырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды», - делінген департамент хабарламасында.

Департаменттің хабарлауынша, көлік арнайы айып тұрағына қойылған. Тексеру жүргізілуде.