Марқұмның өзімен бірге ешқандай құжаты болмаған
Алматыда самосвал жүргізушісі әйелді қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Қайғылы оқиға Бұқтырма мен Майлин көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлер мен Shacman самосвалы жүргізушісінің айтуынша, жүк көлігі Майлин көшесімен шығыс бағытта жүріп бара жатып, бағдаршамда "қызыл" жанғанда тоқтаған. Болжам бойынша, осы кезде жүк көлігінің алдында әйел жүрген. Жүргізуші орнынан қозғалған кезде оны байқамай, басып кеткен.
Салдарынан әйел оқиға орнында жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Өзімен бірге ешқандай құжаты болмаған.
Оқиға орнында жол полициясы, криминалистер мен анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ полицейлер марқұмның жеке басын анықтайды.