Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды
Ақтауда кәріз құбырының ішінен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полици я департаментінің мәліметінше, мәйіт 7 желтоқсан күні 26-шағынаудандағы кәріз құдығының ішінен табылған. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
"Ер адам қасақана өлтірмеген. Марқұмның денесінен дене жарақаттары мен зорлық -зомбылық белгілері табылмады", - делінген ПД хабарламасында.
Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.