Ақтөбеде жаяу жүргіншіні қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

 

Ақтөбеде жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсан күні Ақтөбе қаласында ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі М.Мәметова көшесінде 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жол апатынан кейін аталған көліктің жүргізушісі қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы жүргізушіні ұстады.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факт негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі 1-бөлігі (КО басқарушыларының мас күйінде ЖҚЕ бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол-көлік оқиғаларына жол бермей, жолда өте мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.