Павлодарда алимент төлеуден жалтарған ана ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полицейлер өткен тәулікте 125 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады

 

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өткен тәулікте 125 әкімшілікқұқық бұзушылықты анықтады, оның 121-і жол қауіпсіздігі бойынша анықталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция  департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізетініне қарамастан, құқықбұзушылықтар тыйылар емес.

«Сағат 01.00-де Сұрағанов көшесінде кезекті патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері алимент өндіру туралы істер бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 47 жастағы әйел адамды ұстады. Әйелдің тұрғылықты жері жоқ екені анықталды. Кейін оны әрі қарай тергеу үшін  полиция бөліміне жеткізілді», - дейді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальонының командирі Ренат Шәріпов.

Бір тәулік ішінде көлікті мас күйінде жүргізген 3 жүргізуші ұсталды. 

Жол қозғалысы ережелерін сақтамаған кезекті құқық бұзушы  сағат 11.45-те Қамзин көшесінде ұсталған. «Мазда-626» автокөлігінің 46 жастағы жүргізушісі өзін біртүрлі ұстап, біресе күліп, біресе ашуланған.  Жүргізушінің іс-әрекеті полицейлерге ұнамаған соң полицейлер ер адамды медициналық куәландыруға жіберген, куәландыру нәтижесі оның есірткі пайдаланғанын  көрсетті. 

Автомашина айып тұрағына қойылып, тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.