Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде
Ол жолды тыйым салынған бөлігінен кесіп өткен, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 желтоқсан күні сағат 17:30-да үлкен айналма жолда (Жібек жолы көшесі) «ГАЗ-31150» автокөлігінің 60 жастағы жүргізушісі 1971 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан жарақат алған әйел ауруханаға жатқызылып, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысының аумағында 615 ЖКО тіркелген, оның 213-і жаяу жүргіншілердің қатысуымен болды.