Павлодарда екі адамды көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды

Фото: pavlodarnews.kz

Жол-көлік оқиғасы Солүстік өндірістік аймақ көшесі, 85 мекенжайында болды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«4 желтоқсан күні сағат 17.00-де «Ауди 100» автомашинасының 45 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1982 және 1983 жылдары туған жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Олар реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен көлік жүретін бөлікті кесіп өткен», - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ЖКО салдарынан жаяу жүргіншілер түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіледі.