Прокуратураның шаралары бойынша 38 іс тоқтатылды
«Белгіленбеген жерде сауда жүргізді» деген сылтаумен әкімдіктер саудагерлерге 12-ден 27 мың теңгеге дейін айыппұл салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеме жасады. Белгілі болғандай, әкімдіктердің бұл әрекеті заңсыз деп танылды.
«Жезқазған қаласында кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылған. Прокуратураның шаралары бойынша 38 іс тоқтатылды. Ақмола облысының Зеренді ауданында прокурордың актісі бойынша жауаптылыққа тарту туралы 26 заңсыз қаулының күші жойылды. Жалпы прокуратураның шаралары бойынша 14 мыңнан астам заңсыз әкімшілік іс тоқтатылды», ˗ делінген хабарламада.