Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде
Бүгін Қостанайда тұрғын үйдің бесінші қабатынан 23 жастағы бойжеткен құлап, мерт болды. Аталған қайғылы жағдайға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Қостанай полиция басқармасының 102 нөміріне 30 қараша сағат 05.20 шамасында қоңырау түсті. Қазіргі мәлімет бойынша, 23 жастағы бойжеткен су құбыры арқылы бесінші қабаттан түспек болған. Алайда құлап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған», - деді департаменттен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.