24.11.2021, 12:28
Оқиғалар
Маңғыстауда жүргізуші үш адамды қағып кетті
Оқиғадан бір адам көз жұмды
Фото ашық дереккөзден
Маңғыстауда жүргізуші үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, олардың біреуі қайтыс болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2021 жылғы 18 қарашада сағат 07:30 шамасында Бейнеу ауылында болды. Жұбанов және Қашаған көшелерінің қиылысында Lada Kalina маркалы автомобильдің 46 жастағы жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан 43 жастағы жаяу жүргінші алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Бұл факті ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Бейнеу аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу басталды.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы