Ақтөбеде өртенген гараждан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға өткен түнде болған

Ақтөбеде өртенген гараж ішінен адам мәйіті табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 22 қарашасында 00:05-те Ақтөбе қаласы ПБ Жедел басқару орталығының «102» пультіне Асау-Барақ көшесіндегі жеке үйлердің бірінде гараждың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіру кезінде 59 жастағы үй иесінің мәйітін тапты. Өрт жылытқыш құрылғыдан шыққан деген болжам бар. Сараптама тағайындалды.