Отарда әскери қызметкер суицид жасады: Қорғаныс министрлігі оқиғаны ресми растады

Автор: Azattyq Rýhy

Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды

Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Отар ауылындағы гвардиялық гарнизонда әскери қызметкер өзін-өзі қол жұмсады. Бұл мәліметті Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол жұмсады. Қайтыс болған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды», - делінген Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Айта кетейік, Telegram арналардың бірінде гвардиялық гарнизонда әскери қызметкер өзінің жүрек тұсына оқ атып, қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бірақ ақпаратты жариялаған арна жазбасын артынша өшіріп тастаған.