Бірінші оқиға Риддер қаласы Бутаково ауылында болған
Шығыс Қазақстан облысында бір күн ішінде өрттен 3 адам қаза болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, бірінші оқиға Риддер қаласы Бутаково ауылында болған.
«Өртенген үйге келіп жеткен құтқарушылар 85 жастағы үй иесінің денесін тапты. Тілсіз жаудың шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамау себеп болуы мүмкін.
Сондай-ақ Шемонаиха қаласының 84 жастағы тұрғыны үйінде электр жылытқышты қосып, оны ағаш үстелге қойған. Соның салдарынан өрт шығып, үй иесі мерт болды», - делінген хабарламада.
Тағы бір жайт, Ұлан ауданында 33 жастағы ер адам да өртеніпи жатқан жер үйден шыға алмай, қаза тапқан. Өртке отты ұқыпсыз қолдану себеп болуы мүмкін.