Ақмола облысында жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалып көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

 
pixabay.com

Ақмола облысында жұмысшы экскаватор шөмішінің астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 19 қараша күні сағат 14:48-де болған.

«Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне аудандық аурухананың дәрігері хабарласып, жедел жәрдем көлігінде ауруханаға алып келе жатқан жұмысшы көз жұмғанын айтты. Анықталғандай, қайғылы жағдай жөндеу жұмыстары кезінде болған. Жеке өндіріс орнында жұмыс істейтін 52 жастағы жұмысшыны экскаватор шөміші басып қалған», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен бірге, сот-медициналық сараптама тағайындалды.