Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр
Елордадағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде жұдырықтасқан жігіттердің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Желідегі жазбаға сүйенсек, оқиға 9 қарашада болған. 17 жастағы екі қыз "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығында серуендеп жүргенде, оларға бейтаныс жігіттер қырындаған. Қыздардың бірі 19 жастағы ағасына қоңырау шалып, шақырғаны, содан жігіттер арасында жанжал шыққаны айтылады.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 102-ге төбелес туралы хабарлама сағат кешкі 21.30 шамасында түскен.
"Материал Есіл аудандық полиция басқармасында тіркелді. Аталған дерек бойынша "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері.