Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден жүзге жуық SIM-карта табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Таразда ерекше режимдегі түзеу мекемесіне келген сәлемдемеден 95 дана SIM-карта тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жолы «тосын сый» аяқ киімге арналған «KIVI» маркалы кремнің құтысының ішіне жасырылған. ЖД-158/7 мекемесінің және 5513 әскери бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыстың нәтижесінде жазасын өтеушінің біріне келген сәлем-сауқаттан Beeline операторының – 46, Altel операторының – 12, Tele-2 операторының – 26 және Activ операторына тиесілі 11 SIM-карта табылып, тәркіленді.

Қазіргі таңда заңды бұзған 37 жастағы шымкенттік азамат ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 481-бабының 1-тармағы бойынша жауапқа тартылды.