Ақмола облысында тұрғын үй өртеніп, 2 адам қаза тапты

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнына өртке қарсы қызмет шақырылмаған

Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының Бұланды ауданында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомствоның хабарлауынша, өрт 3 қаңтарда жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Өрт екі шаршы метр жерді шарпыған. 

«Үй ішінен 65 жастағы үй иесі мен 56 жастағы әйелдің денесі табылды. Учаскелік полиция қызметкерінің айтуынша, екеуі де мас болған. Өрттің шығуына от жағу кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы әсер еткен», - дейді ТЖД баспасөз қызметіндегілер. 

Оқиға орнына өртке қарсы қызмет шақырылмаған.