Куәгерлер тәртіп сақшыларының заңнан бейхабар екенін айтып шүйліккен
Мәскеу метросындағы полиция бөлімшесінің алдында намаз оқыған азаматты тоқтатпақ болған куәгерге полцейлердің өзі ара түсті. Тәртіп сақшылары метрополитенде құлшылық жасауға тыйым салынбағанын алға тартып, «парызын өтеп жатқан» азаматқа тиіспеуді сұраған.
Аталған жайтты сол куәгердің өзі видеокамераға түсіріп, роликті интернетке жүктепті. Ол полиция бөлімшесінің алдында құлшылық жасауға болмайтынын айтып, полицейлердің заңды білмейтінін меңзеген. Дегенмен, тәртіп сақшылары намаз оқу – тәртіп бұзуға жатпайтынын айтып, құлшылықты үзбеуді сұрайды.