Олардың бірі - бес жасар бала ауруханада көз жұмды
Қостанай облысында екі көлік соқтығысып, үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға «Қостанай-Сарыкөл» тасжолының 15-шақырымында болған. 44 жастағы ер адам «Мицубиси Лансер» автокөлігімен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «ВАЗ 2170» көлігіне соқтығысқан.
«33 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі оқиға орнында, 5 жасар бала облыстық балалар ауруханасында көз жұмды. «Мицубиси Лансер» жолаушысы жедел-жәрдем қызметінің көлігінде көз жұмды. Осы факт бойынша сот алды тексеру шаралары басталды, сараптама тағайындалды», - деді полицияның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь агенттік тілшісіне.
Қостанайлық полицейлер көлік жүргізушілерін барынша сақ болуға шақырады. Алдағы аптада облыстың тасжолдарында көктайғақ болатынын ескертеді.