Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған шахтерлердің отбасына көңіл айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді

 

Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты, , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

«Мемлекет басшысы Үкіметке шахтерлердің отбасыларына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Министр Юрий Ильин бастаған Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.